Бір жыл бұрын ресейлік өлкетанушылар сенсациялық жаңалық жасап, Әлияның Монаковадағы қабірі жалған деген еді. Ал құралайды көзден атқан қазақ қызы Псков облысындағы ну орманда, бауырластар зиратында жатыр деді. Осы ақпаратты тексеруге отандық іскесушілермен бірге әріптесіміз Олжас Байжан да аттанып, қазу жұмыстарына қатысты. Әлия Молдағұлова расында қайда жерленген? Ресейдің ну орманында кімдердің сүйегі жатыр? Тарихи олқылықты қалай жоюға болады? Із кесушілердің жұмыс нәтижесі қандай? Осы және өзге де сұрақтардың жауабы мен саяхаттың қиындығы жайлы алдағы сенбі, сағат 15-00-де Олжас Байжан «Орталық редакция» жобасында толық айтатын болады.
Олжас Байжан, «Орталық редакция: Әлия» фильмінің авторы:
–Экраннан қараған кезде экспедиция оңай болып көрінуі мүмкін. Дегенмен ізкесушілер үш апта бойы сол жерде еңбек етті. Түсіру барысында бізге де оңай болған жоқ. Себебі сүйектердің барлығын көру, шығару, әрбір сүйекті жеке зерттеген кезде әрбір сарбаздың қазасын сезінуге болады. Бірінің аяғынан, бірінің бас сүйегінен оқтың іздері көрініп тұрған.