«Өте нәзік қызыл жолақ» атты фильмде еліміздің сұлулығына көз тоймайтын таулары мен аса сирек кездесетін табиғаты көрсетіледі. Түсірілім тобы шекаралық аймақтарды түгелдей аралады. Дегенмен, алда әлі теңіз бен шөлейтті басып өтетін мыңдаған шақырым жол бар. Осынау атырапты аман-есен алып қалған дипломаттар да эксклюзивті сұхбат бермек. Ал шекарада өмір сүріп жатқан жұрт ешкімге ұқсамайтын тұрмыс-салтымен бөліседі. Тілшілер, тіпті, шекара қазықтарын жасайтын зауытта болып, олардың мықтылығын байқап қайтпақшы. Деректі туынды Елорданың тойында көпшілік назарына ұсынылады.
Дәурен Меркеев,продюсер:
-Фильмде сарқыттай сақталып келген құпия мұрағаттарды көрсететін боламыз. Нағыз экшнды дайындап жатырмыз десем, қателеспеймін. Сонымен қатар, шекараны бекітуге қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев сынды танымал саяси тұлғалар сұхбат береді. Шекара жайлы ең маңызды мәліметті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің өзі айтып беретін болады.