Журналистер күніне орай, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов КТК телеарнасы жаңалықтар қызметінің тілшісі Жәудір Оразхановаға Алғыс хат табыс етті.
Бұл марапат Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші сессиясы жұмысын көрсетуге белсене араласқаны үшін, сонымен қатар, парламентаризмнің жалпы қоғамның дамуына айтарлықтай үлес қосқаны үшін берілді.
Айта кету керек, кеше КТК арнасының тағы бір журналисі Жадыра Сейдеш «Жүрекжарды» бағдарламасының циклі үшін телевизиялық жұмыс номинациясында 2015 жылғы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанған болатын.