Экзит-полл – бұл сайлау процесінің маңызды элементтерінің бірі. Оның нәтижелері сайлаудың ашықтығы мен сайлаушылардың дауысын санаудың әділеттігін бағалаудың құралы ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар экзит-полл сайлау күні азаматтардың дауыс беруі бойынша жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді, соның негізінде сайлаудың нәтижесіне болжам жасауға мүмкіндік бар.
КТК телеарнасы 2015 жылдың 26-ы сәуірінде өтетін президент сайлауында exit-poll жүргізуді қаржыландыратын болады. Республикалық телеарнаның сайлау учаскелерінің шыға берісінде сайлаушылар арасында сауалнама жүргізуге тапсырыс беруі - бұл Қазақстан жағдайында алғашқы тәжірибе. Тапсырысты «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы орындайды.
- Процесс бірнеше кезеңде жүреді. Дауыс беру кезінде - тікелей, сондай-ақ халықтың таңдауымен танысу үшін бірқатар әлеуметтік және сарапшылар сауалнамасы жүргізіліп отырылады. Біздің ойымызша, бұл саяси мәдениет пен еліміздегі демократияны нығайту үшін маңызы зор, - деп атап өтті КТК телеарнасының Бас директоры Қанат Сахариянов.
КТК телеарнасы Қазақстанда экзит-полл өткізу тәжірибесінің дамуына өз үлесін қосуды маңызды деп санайды. Бұл іс-шара сайлау процесіне деген қоғамдық қызығушылықты арттыруға септігін тигізеді, сонымен қатар қазақстандық сайлаушылардың белсенді азаматтық ұстанымдарының қалыптасуына ықпал етеді. Сайлау күні КТК экзит-полл өткізілетін орындардан тікелей көрсетілімдер жүргізуді және дауыс беру үрдісі бойынша көрермендерді ақпараттандыруды жоспарлап отыр.
- Сайлау өтетін күні біз бүкіл ел бойынша 20 мыңнан астам сайлаушыларға сауалнама жүргіземіз. «Стратегия» сұқбат алушылары 200 сайлаушылар учаскесінің шыға берісінде тұрып сауалнама жүргізеді. Айта кету керек, іс-шара барлық өңірді қамтып отыр, қалалар мен елді-мекендерді де, - деді «Стратегия әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» ҚҚ президенті Гүлмира Елеуова.
Сауалнама 2001 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан, еліміздегі танымал зерттеу ұйымдарының бірі «Стратегия» орталығымен жүзеге асырылады. Бұл орталық зертеу жүргізу саласында мол тәжірибеге ие. Сайлау күні орталық бүкіл ел бойынша 20 мыңнан аса сайлаушылар арасында сауалнама жүргізуді жоспарлайды. «Стратегия» сұхбат алушылары ауылдық және қалалық елді мекендердегі 200 сайлау участкелерінің шыға берісінде тұрады.