Мерекелік сайыс келіншектердің ас әзірлеу шеберліктерін дәлелдеуден басталды. Қазыларға жағу үшін табақ тартып, бауырсақ пісірді келіндер. Ұлттық тағамның сан түрінен сауалдарға жауап берді. Қойылған талап жоғары. Сонымен қазылардың шешімімен таныстыру, білім мен өнер додасының барлығында үздік деп Абай ауданының келіні танылды. Ал екінші орынды әріптесіміз, Өскеменнің намысын қорғаған Әсем Қайратбек иеленді.
Әсем Қайратбек, КТК арнасының Өскемендегі тілшісі:
-Бүгін бауырсағымызды пісіріп, табағымызды тартып, түстен кейін міне өнер сайсына түстік. Керемет болды. Әділ, өте көңілді болды. Қазақтың нағыз келіндері бір біріне деген ашық көңілмен өтті.