КТК тілшісі Ярослав Красиенко Президент грантына ие болды

-Ярослав Юрьевич Красиенко, КТК арнасының Астанадағы тілшілер бюросының жетекшісіне еліміздің әлеуметтік   экономикалық саяси реформалар барысын белсенді түрде жариялап көрсеткені үшін марапатталады.

Сондай-ақ, президент гранты «Қазақстан» ұлттық арнасының тілшісі Жайнагүл Төлемісоваға бұйырды. Мемлекет басшысының арнайы сыйлығына «Жас қазақ» пен «Время»  газеттерінің бас редакторлары  Срайыл Смайыл мен Лев Тараков лайық деп танылды. Сонымен қатар үздік шыққан бірқатар ақпарат құралына президенттің алғыс хаты табыс етілді. Ал былтыр Елбасының өмірі туралы фильм түсірген әріптесіміз Ярослав Красиенко биыл тағы эксклюзив әзірлеп жатыр. «Өте нәзік қызыл жолақ» деп аталатын фильмде мемлекеттік шекараның қалай сызылғаны отандық телеведениеде алғаш рет айтылмақ. Тың дүниені алдағы аптада көре аласыздар.


Ярослав Красиенко, КТК
телеарнасының тілшісі:

Қазір Елбасының қатысуымен кезекті  фильмді түсіріп  болдық. Бұл кең байтақ еліміздің шекарасы жайында. Бұл үлкен команданың жұмысы.  Сондықтан бүгін алған   марапатым  жалғыз менің емес, КТК арнасының да жеңісі. Барлық әріптестерімді төл мерекемен құттықтаймын.