«ТойBestStar -дың» төрінен енді көпшілікке белгілі тұлғаларды ғана емес, оркестрді де көре аламыз. Олар кез-келген өнер адамына музыкалық сүйемелдеу жасап, шоуға басқаша леп бермек. Таңдалған тақырыптарға сай, бағдарлама қонақтары «Жанар мен Айгүл ондығымен» таныса алады. Хит-шеруде әртүрлі тақырып бойынша үздіктер анықталмақ. Ал сүйікті жүргізушілер халықты жаңарған, жарқыраған өзгеше киім үлгісімен таң қалдырады.
Айгүл Иманбаева, «ТойBestStar» жүргізушісі:
– Жәке, екеуміздің стиліміз өзгеріп кетті. Мен бүгін үкі таққаннан кейін біртүрлі көрініп қалуым мүмкін. Негізі стиль жағынан менің басыма түрлі-түрлі ағаш өсіп кетеді, темір өсіп кетеді. Енді сауап болды, Жәкеңнің басына өседі оның барлығы.
Жанар Айжанова, «ТойBestStar» жүргізушісі:
– Айгүлдің семіріп кеткені болмаса, сол қиындау болып тұр. Сол Айгүлге симай қалған. Айналып келіп менің жасымды айта бермей, баршы бар! Бар!
Тоқтаусыз жалғасатын қазақ тойының төрінен табылатын құрметті қонақтар мен асабалар, кәделер мен әңгімелер және ойындар «ТойBestStar -да» толықтай қамтылған. Әр қонақ өзінің кәсібі мен өміріне орайластырған ойындарға қатысып, жаңа қырынан көрсетілмек.
Тұрсынбек Қабатов, шоумен:
– Бұл жер маған ұнады, өте керемет болды. Әндер болды, биледік, ойнадық. Сауық-сайран әдемі бағдарлама екен. Айгүл мен Жанардың әзілдері керемет қой. Әсіресе Жанар апайымыздың әзілдері ойып түсіреді ғой. Айтқан кезде Айгүл де, Жанар да екеуі бір-біріне керемет жарасқан.
Тұрсынбек пен Заттыбекті өз әніне қосқан Сәнім алғаш рет дәл осы сахнада туындысына арқау болған тұлғамен кездеседі. Түсірілімге екі күн жұмсаған бойжеткенге өнер иесі мен жұрт не айтты екен?!
Сәнім Әлбосынова:
– Мен «Ң» әрпін дұрыс айта алмағанмын, енді білмеймін қалай айтсам болады?! Айта алмаймын, айтпаймын. Басқа әріптерді айта аламын. Сақау емеспін.
Ал «Асабалар аламаны» өз жалғасын табады. Еліміздің түкпір-түкпірінен сөзге шешен, әзілі жарасқан, кез-келген тойды басқара алатын дарынды асабалар ағылуда. Одан өзге «Тойжаршы» байқауы да жалғасады. Сондықтан қызыққа толы той видеоларын әлі де жолдауға болады. Сонымен, әр сенбіде КТК арнасынан жаңа «ТойBestStar -ды» өткізіп алмаңыздар.
Loading...