КТК Жеңіс күніне орай арнайы жобаны қолға алды


Құралайды көзден атқан мергеннің біз білетін қабірі неге бос? Батыр қыздың сүйегі Ресей ну орманындағы бауырластар зиратында жатқаны рас па? Орыс өлкетанушыларының осы сенсациялық мәлімдемесін нақтылауға елімізден тұтас экспедиция аттанды. Оның қатарында біздің тілшілер де болған. Сонымен, зерттеушілеріміз қалай жұмыс істеп, қандай нәтижеге қол жеткізді? Осы сұрақтардың жауабы арнамыздың жаңа «Орталық редакция» жобасында айтылатын болады. Алдағы сенбіде жіберіп алмаңыздар.