КТК-да эксклюзив: «Өте нәзік қызыл жолақ»


Арнамыздың түсіру тобы бірнеше шақырым жолды артқа тастап, әуеде ұшты, теңізде жүзді, елді-мекендерді жаяу және көлікпен аралады. Режиссерлер, операторлар мен сценарий авторлары қарапайым малшыдан бастап, жоғары шенді дипломаттармен, қатардағы шекарашылармен және ел тарихында қалған оқиға куәгерлерімен кездесті. Фильм авторлары біртұтас қазақ мемлекетінің іргесін құрушылардың бірі Нұрсұлтан Назабаевпен эксклюзивті сұқбат жүргізген. Қазақстан үшін аса маңызды «қызыл жолақ» туралы енді Елбасының өз аузынан ести аласыздар.