Әйелдердің халықаралық мерекесінде шымылдығы түрілгелі тұрған «КТК-да Қабатов» жобасы ерекше тосынсый дайындауда. Тек әзілге құрылған шоуда жұлдыздарымыз суретке қарап, қайсы әнге арналған карикатура екенін табуы тиіс. Бұған дейін отандық арналарда мақалды жалғастыру ойыны өтсе, Тұрсынбектің қонақтары сөз мәйегін суретке қарап табуы тиіс. Сонымен қатар, қазақтың халық әндерін өзге тілдерде кім шебер орындай алатынын білгіңіз келсе, жексенбі күні кешкі сағат 19:45-те КТК арнасын қосуды ұмытпаңыз.