Ктк-да Қабатов!

«Әзіл әлемі» театрының актері Қанат Әлжаппаров әріптесінің бағдарламасында режиссердің рөлін ойнайды. Ал, әмбебап Тұрсынбек тақырыпқа байланысты монолог оқып қана қоймай, әйгілі әншілерге пародия жасайды. «Өмір – театр» айдарында «Қорқыт» КВН командасының жігіттері әншілердің кез келген қиындықтан қалай шығатынын сынап көрмек. Көктеммен бірге келетін арулар мерекесін Тұрсынбек Қабатовпен бірге қарсы алыңыздар. Жексенбі,19-45 КТК арнасын қосуды ұмытпаңыз.


Тұрсынбек Қабатов:

– Барша аналарымызды, аруларымызды келе жетқан 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мерекеден мерекеге аман-есен жете беріңіздер!