КТК-да тұсаукесер! «Сағы сынбаған» телехикаясын жіберіп алмаңыздар

«Сағы сынбаған» фильмінің түсірілім жұмыстары Алматы маңында басталған болатын. Сатқындыққа тап болған басты кейіпкер өмірінің 20 жылын түрменің тар қапасында өткізеді. Содан кейін Алматыға кәсіпкер боп оралған ол дұшпандарына кек қайтармақ. Данияр Абылаевтың рөлінде осы уақытқа дейін қазақтың бірнеше фильміне түсіп үлгерген қырғыз актері Азиз Бейшеналиев ойнады.

Азиз Бейшеналиев, актер:

Бала күнімде Александр Дюманың «Граф Монте-Кристо» деген кітабы бар деп естігенмін. Бірақ жазушының «Үш ноян» деген шығармасын ғана оқыдым. Ал киноға түсер алдында романды әдейі оқымадым. Себебі Дюманы қайталағым келмеді. Кейіпкердің образын өзім жаңаша сомдап шықтым.

Фильм оқиғасы аумалы-төкпелі тоқсаныншы жылдармен тұспа-тұс келеді. Ажырамас достар – Данияр, Павел, Дос және Мара түрлі қиындықтарды бастан өткереді. Бірақ достары оны қиындықта сатып кетеді.

Санжар Мәдиев, актер:

-Эпизодтарда кейіпкерлердің қазіргі адамдарға ұқсас жерлері де көп болды. Сатқындық деген нәрсе бүгін де бар. Бұдан жүздеген жылдар бұрын да болған.

Опасыздық пен сатқандықтың құрбаны болған Данияр менмін деген дөкейлердің есігін ашып, күрмеуі көп мәселелерді шеше бастайды. Оның алға қойған мақсаты – кек қайтару. Ал осы қайталанбас жобаны жүзеге асырған франциялық режиссер картинаны жасау үшін күн-түн демей тер төккенін айтады.


Виржиниа Восгимурукиан, режиссер:

Фильмнің сценарийін өзім жаздым. Әрі продюсер, әрі режиссермін.  Жұмыс өте ауыр болды. Мен түсірілімдердің түгелдей басы-қасында болдым. Шығармашылық топтың ортақ еңбегінің арқасында көрерменге қайталанбас туынды сыйлаймыз деп ойлаймын.

Махаббат пен достық, сатқындық пен кек қайтару қатар жүретін 4 сериялы фильмді тек КТК арнасынан көре аласыздар. Ескірмейтін классиканың жаңа заманға сай үлгісі 23 ақпаннан бастап кешкі сағат 22:15-те эфирге шығады.

Loading...