КТК-да жаңа жоба: «Кесір»

«Кесір!» Аты атап тұрғандай бұл тың жобада әрбір аурудың кесірі анықталып, басты себептері айтылады. Әрі кесірленіп, өз тағдырын өзі ойыншық еткендердің жөнсіз қылықтары да тілге тиек етілмек.

Мәселен, алғашқы хабарымыздың бірін өз-өзіне қол жұмсайтындарға арнадық. Суицид қазір ең өзекті тақырыптардың бірі екені жасырын емес. Сондай-ақ, дәрігердің салғырттығынан опық жеп, ем іздегендер қаншама?

Светлана Москалева:

-Бұл жаңалық мені есеңгіретіп тастады. Сол сәтте тіпті демалуға қорықтым. Мүмкін, дәрігер қателескен шығар, мүмкін, олай емес шығар деген ой болды...

Осылайша қате диагнозға емді ауруханадан емес, бақсы-балгерлерден іздейтіндер көп. Бірақ тәуіптің берер көмегінен гөрі алар ақшасының көлемі басымдау. Сонда да оның алдында ұзын-сонар кезек.


«Кесір» - әр тақырыпты терең зерттеп, көрермен түйсігіндегі сауалдарға жауап іздейді. Бағдарламаны дүйсенбі мен бейсенбі аралығында, кешкі сағат 8-де көре аласыздар. Қапы қалмаңыз, мүмкін, сіздің көкейіңіздегі сауалдың жауабын біз айтармыз!

Loading...