КТК-да Жаңалықтардың уақыты өзгерді


Телеарнамыздың көзі қарақты көрермендеріне төрткіл дүниедегі және еліміздің түкпір-түкпіріндегі өткір де өзекті ақпараттарды бүгінгі күнге дейін кешкі сағат 20-30-да баяндап келгенбіз. Ал 2 маусымнан бастап аптаның бес тәулігінде КТК-ның бейнематериалдарын 19-00-де тамашалайтын боласыздар. Естімеген елге ескертіп, көрші-қолаңды құлақтандырып қойыңыз. Алда жаңа телемаусым, ал арнамыздың үздік мамандары сіздерге тың ақпараттарды өзгелерден ерте жеткізетін болады.