ҚТЖ-да қандай проблема бар? Бас көлік прокуратурасы бірқатар жағдайды жіпке тізді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Басқару мен пайдалану: теміржол көпірлері апаттық жағдайда тұр

Прокурорлық тексерулер нәтижесінде теміржол инфрақұрылымын басқару мен пайдалану барысында елеулі жүйелі кемшіліктер бары белгілі болды. Атап айтқанда:

Аталған проблемаларға уақытылы шара қолданылмауы олардың ушығуына алып келген.

274 шақырым жол уақытша жабылды

Прокуратура бастамасымен жалпы ұзындығы 274 шақырым болатын 29 теміржол учаскесі анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін уақытша жабылды. Қабылданған шаралардың арқасында бұл учаскелердегі ақаулар толықтай жойылып, қазіргі таңда жолдар қауіпсіз режимде жұмыс істеуде.

Сала қызметкерлеріне салғырт қараған: Еңбек құқықтарының бұзылуы тіркелді

Теміржол саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтарын бұзу деректері де анықталды. Атап айтқанда:

Бұл жайттар да прокурорлық шаралар арқылы назарға алынды.

Прокурорлық қадағалау: Бес теміржол желісі мемлекет меншігіне қайтарылды

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде Ақтау теңіз порттарымен теміржолды байланыстыратын бес магистральдық жол мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бас көлік прокуратурасы қатаң бақылауды жалғастырады

Алқа отырысының қорытындысы бойынша көлік прокуратурасы уәкілетті мекемелерден барлық анықталған кемшіліктерді жоюды және олардың болашақта қайталанбауын қамтамасыз етуді талап етті.

Бас көлік прокуратурасы теміржолдағы қауіпсіздік мәселелерін қатаң бақылауда ұстап отыр. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасатын болады.