Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
"28 желтоқсан. Жаңа көпір. Райымбек даңғылына дейін кептеліс. Көпір ашылса, мәселе шешіледі деп кім айтты? Халық жағдай одан да нашарлағанымен келіседі. Сұмдық. "Алтын Ордада" кептеліс бұрын қалай болды, сол күйінде қалды", - дейді видео авторы.
"Алтын Ордадағы" көпір аяқталды, бірақ кептеліс жоқ", - дейді видеодағы дауыс.
Желіде пікір білдірушілер "ешқандай жолайрық кептеліс мәселесін шешпейтінін" айтты.
"Жолды кеңейту, жолақтарды ұлғайту, жолайрықтар салу кептеліс мәселесін шешпейтінін түсінетін кез жетті. Дамыған елдерде бұл бұрыннан белгілі, қоғамдық көлікті дамытып жатыр", - деп жазды пікір білдіруші.