Оқиға жолдың Алматы мен Шелек ауылы арасындағы бөлігінде болған. Видеодағы таспаға қарағанда жүк көлігінің тіркеуі өртенген. Жеңіл көлік толық өртеніп кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар.
Оқиға таяуда болғаны белгілі болды. Алматы облыстық Ішкі істер департаменті мен прокуратура әзірге осы дерекке қатысты пікір білдірген жоқ.
Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапқан.