Сотталған экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев колонияға ауыстырылды. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Сотталушы сот үкіміне сәйкес, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жібірілді. Сонымен қатар, Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлаймыз", – делінген хабарламада.