Судья құпия сөзді алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Алайда жәбірленуші тарап телефонның IMEI нөмірін тексеруді талап етті. Сондай-ақ адвокат Игорь Вранчев қорғаушы тарап телефоннан кейбір дәлелдерді өшіріп тастауы мүмкін деп қауіптенеді. Нәтижесінде Бишімбаевтың iPhone телефоны (және оның құпия сөзі) прокуратураға берілді.
Судья тексеруді бастады. Бишімбаевтың ұялы телефонын суреттер мен видеолар қаралды. Видеода Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың өткен өмірін қазбалап, бұрынғы қарым-қатынасы туралы сұрақ қойған. Одан бөлек аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан. Бишімбаев 12 видео түсіріп алған. Алайда, айыпталушы бұл видеоларды біреу монтаждап, жібергенін айтты.
Судья аталмыш видеоларды жәбірленуші тарап Айтбек Амангелдіге көрмегені дұрыс екенін айтты. Дегенмен дәл қазір жәбірленуші тарап Бишімбаевтың телефонын мұқият қарап жатыр, ағасы эмоциясын жасыра алмай, көзіне жас алып отыр.