Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Кадрлардан әжетханадағы қолжуғыштың су ағатын тесігінің ішінде жыланның оратылып жатқанын көруге болады. Бейнежазбаны түсірген тұрғын бұл жағдайдың күтпеген жерден болғанын айтып, жұртшылықты сақ болуға шақырған.
Ол әсіресе жуынатын бөлме мен әжетхананы пайдаланбас бұрын, сантехникалық құрылғыларды мұқият қарап шығуға кеңес береді.
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда жыланға жақындауға немесе оны өз бетіңізше ұстауға болмайды. Сондай-ақ жануарды қуып шығуға әрекет жасамаған дұрыс. Қауіпсіз жерге шығып, құтқару қызметіне немесе жергілікті мамандарға хабарласу қажет.
Айта кетейік, жаз мезгілінде ауа райының ыстық болуына байланысты жыландар салқын әрі ылғалды жерлерді паналауы мүмкін. Сондықтан тұрғындарға жеке қауіпсіздік шараларын сақтап, күмәнді жағдайларда абай болған жөн.