Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Өткенде "тойбастарды қояйық" дедім ғой. Тойбастардан бөлек, құдалықтағы жөн-жоралғы, соны да қою керек. Ұрыстың басы сол жөн жоралғы ма дедім ғой. Құдай күтіп жатқан үйде өзі шәйпәу мінезді, бәле іздеген, іздегенге сұраған біреу болады. Өмір бойы "мен" деген біреу болады. Соның кезегі келмесе, соған дұрыс емес мата түссе сол жерде ұрыс басталады. Соның не керегі бар? бүкіл әулиетпен қырылып. Матадан байисыңдар ма? Ал алтын тақты екен, көсегең көгеріп кете ме? Соны түсінбеймін. Неге ұрысасыңдар? Одан ол тойда да сөйлейтін кезде, оның сөзін ел күтіп отырады. Әнші келіп ән айтса оны тыңдамайды, шәйпәу мінезді де сөйлесе, соны тыңдайды. Қырылғанның басы сол алыс-беріс. Жылтыраған қытайский мата, шапан, бір-бірімізге тасыған жемпір. Кемпір байғұстар киеміз деп жүргенде о дүниеге аттанып кетеді. Соны қойыңдаршы, екі жас бақытты болса болды ғой", - деді блогер.