Күйеу жігіт ағасын қуана қолдаған: Тойда ер адам қалыңдық пен құдағиды соққыға жықты

27 шілде күні сарбаз Стеффан Уилсон мен қалыңдық Эрин Мэйсон-Джордж Лланибиддер қаласындағы қонақүйде өздерінің үйлену тойын атап өтеді. Тойда ішімдікке тойып алған күйеу жігіттің ағасы қалыңдықты соққыға жығып, баспалдақпен сүйрейді. Сондай-ақ, күйеу жігіттің ағасы жас жұбайлардың жүргізушісі болған. 

Мұнымен қоймай қалыңдықтың анасы мен екі сіңілісіне шабуыл жасаған. Ер адам інісінің Мэйсон-Джорджге үйленбеуі керек болғанын айтып айқайлаған. Мас күйеу жігіт өзінің ағасының қолдаған. 

Уилсонды әкесі үйге алып кетеді. Осыдан кейін жас жұбайлар бір-бірін көрмеген. Қалыңдық қайын ағасын сотқа бергеннен кейін бұл қарым-қатынасқа нүкте қойылған. Бұл жас жұбайлар бір-бірінің алдында ант бергеннен кейін болды. 


Уилсон мен Мэйсон-Джордждың некесінің қысқа болғаны соншалық, олар тіпті заңды түрде ажыраса алмайды.