"Қалаулым жұлдызы" бұл туралы "Жұлдызды шаңырақ" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Ер адамдар ақымактау болады ғой. Негізі мен ұрыс болса кетіп қалатын, елге жария қылатын адам емеспін. Жақында біздің қарым-қатынасымызға екі жыл болады. Осы аралықта кішігірім ұрыстар болды, бірақ қатты жанжалдасқан кезіміз болған емес. Бірақ, кейбір жағдайларда күйеуім қызба мінезге салып үйден кетіп қалады. Блогер болғаннан кейін халық әлеуметтік жделіден көреді. Неге жалғыз жүрсіз, күйеуіңіз қайда деген сұрақтар қояды. Болмайтын мәселе үшін кетіп қалды, ажырасатын нәрсе емес. Халық та бізді берік жұп ретінде таниды. Бірақ осындай жағдай болып қалды. Мен ұрысып қалған кезде бұл менің үйім, кет деген нәрсе айтпаймын. Қырсықтау мінезінен кетті деп ойлаймын", - деді ол.
Блогер бірінші күйеуін өзіне қайта қарату үшін түрлі қулыққа барғанын да жасырмады.
"Мен өз-өзіме сенімсіз кезім болды. Қазір де сенімділігім қатты артып кетті деп алмаймы. Бойымда өзіме ұнамайтын жерлер бар. Бірақ, ернім мен кірпігімді жасатпағаныма біраз болды. Ажырасуға сәл қалған кезде мен күйеуімді өзіме қайтадан қаратып алудың амалын іздедім. Ота жасаттым, тісімді, тырнағымды, кірпігімді жасаттым. Бірақ, махаббат болмаса, бұл дүниелердің ешқайсысы еркек адамды ұстай алмайды екен", - деді Зухра Хакиева.