«Күйеуімді үш жылға соттап жіберді» – Мұратхан Тоқмадидің жұбайы

Бұл туралы кәсіпкердің зайыбы Жәмилия Аимбетова -Тоқмәди әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Бүгін мен алғаш рет өз туған күнімді отбасым мен жақындарымның арасында атап өтпеймін. Мен қазыр Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясындамын және біз «Ашық диалог» Қорының арқасында еуропалық депутаттардан рекордтық деңгей қол жинадық. Кеше жабық сот отырысында оған үкім шығарып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ық жасамаған қылмысы үшін келтірген шығынның есебі ретінде 700 мың АҚШ долларын өтейтін болды. Мен күйеуімнің бостандығы мен адал ары үшін күресті жалғастыратын боламын»,- деп жазды Жәмилия Айымбетова фейсбукте.

Еске сала кетсек, «Қазстройстекло» зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди маусым айында арнайы операция барысында тұтқындаған болатын. Оған ірі көлемде ақша бопсалады, қылмыстық топ құрды деген айып тағылған.