Тіпті, бір кездері күйеуінен тоқалына жылырақ пәтер алып беруді өтінген екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпаратагенттігі КТК арнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.
«Ол әйел жаман екі бөлмелі пәтерде тұрды. Мен күйеуіме «Жылы пәтер тауып берсеңші» деп өтініш айттым. Жағдайын жасап, кір жуатын машина алып бердім. Өзім көшіріп, заттарын алдым. Қарым-қатынасымыз жақсы болды. Асханаға барып, бірге шай ішіп дегендей», - дейді Зухра Бейсенбекова.
Алайда екінші әйел болуға келісімін берген келіншек басқаша сөйледі. Ол бәйбіше күн көрсетпегеннен кейін Оңтүстік Корея еліне кетіп қалғанын айтады.
«Үйге кіріп келсе, күйеуіне қоңырау шалады. «Мылтықпен өзімді атып өлтіргелі жатырмын» дегендей. Осылай күйеуінің жүрегін жарады. Кейін маған хабарласады. «Сен осындайсың, кет» деп күн бермейді. Оны «Алтын ордадағы» барлық адам біледі. Бір күні «Мен кетемін. Әйеліңнен шаршадым» дедім. Оның өзі де шаршап, әйелінен түңіліп кеткен. Әйелі қорқытып, күнде артынан аңдиды. Сосын мен «Құрсын, мен кете салайын» дедім. Байдан шығып, байға тиіп қателесуден шаршадым. Әйтпесе, 4 баламды тастап Кореяда нем бар?» - дейді келіншек.
Зухра Бейсенбекова арада кішігірім ғана ұрыстар болды деп ақталды. Айтуынша, бір емес, бірнеше рет кешірім сұрап, отбасылық үшбұрышты сақтауға әрекет жасаған.
«Айтқан сөзі өтірік. Арасында ұрысқандарым болды. Ол маған мазақтап жазған соң, мен ұрыстым. «Мен саған байымды беріп, осындай сөз естуім керек пе?» дегендей. Ұрысқаным үшін үш рет кешірім де сұрадым. Қойшы, бұрынғыдай тату болып, сөйлесіп жүре берейік деп. Ол маған тағы да жаман сөздер айтты», - деп ақталды келіншек.