Күйеуін "Сұлтан Бейбарысқа" теңеген Гүлзира Айдарбекова сынға қалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Желідегі әр жазбасы елдің талқысына түсетін продюсер бұл жолы да халықтың назарынан тыс қалмады. Ол күйеуі Нұртас Айдарбековтің жас кезіндегі суретін жариялады.

"Сұлтан Бейбарысқа ұқсайды екен. Бұл кісіні танығандар бар ма?" –  деп жазды Айдарбекова.


Алайда тарихтан хабары бар оқырмандар Сұлтан Бейбарыстың бейнесі мүлдем басқаша болғанын айтып, продюсерді сынға алды. 

"Сұлтан Бейбарыстың көзі көк, сақал мұртты, қасы қалың ойықтай болған. Сіз де ұқсатыпсыз", – деді оқырмандардың бірі.

Ал өзге оқырмандар Қайрат Нұртастың әкесіне ұқсағанын атап өткен.