Жолдасыңыздың жолы болмай жүрсе, оның өміріне, көңіл күйіне, сәттілігіне, мансабына деген жауапкершілікті өз мойныңызға алуды қойыңыз. Бұл сізге оған деген қамқорлық, махаббатыңызды білдіру секілді көрінуі мүмкін, алайда ол барлығын өз бақылауында ұстағысы келетін әйелдің әрекетіне көбірек ұқсайды. Оның түбі жақсылыққа апармайды. Әдетте барлығын бақылап отыруды қалау ішкі қорқыныштарыңыз бен балалық шақтағы ойларыңызды жемісі. Ал еріңіздің мансабын өз мойныңызға алуды, басқалардан оны жұмысқа тұрғызып беруін өтінуді тоқтатқан кезден бастап ол өзі-ақ бұл жауапкершілікті мойнына алады.
Бірақ еркінсуге асықпаңыз. Өз өміріңізді өз жауапкершілігіңізге алу керек. Ақша аздық ете ме? Не істеуге болатынын ойланыңыз. Жеткілікті деңгейде өмір сүру үшін ақшаны қайдан табасыз? Күйеуіңіз қанша тапқаны маңызды болмайтындай, өз тапқаныңыз өзіңізге жететіндей жағдай қалыптастырыңыз. Күйеуіңізге жұмыс іздеуден бұрын өз мансабыңызды ойласаңыз, барлығы айтар ауызға ғана жеңіл екенін түсінесіз. Мүмкін сонда еріңіздің де жағдайын түсініп, оның ісіне араласуды азайтарсыз.
Өз ісіңізбен айналысыңыз. Тек жұмысыңыз, сыртқы келбетіңіз емес, барлық жағынан дамуға кірісіңіз. Интеллектіңізді, жан дүниеңізді, мансабыңызды, бетіңізді, теріңізді – түгелдей жандандырыңыз. Оның емес, өзіңіздің!
Ақпарақ көзі: Массагет.кз