"Күйеуінің бұйрықтарын орындау": Қарақат Әбілдина әйел адамның басты міндетін атады


Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында отбасының суретімен бөлісіп, отағасының, әйелдің, перзенттің, ата-ананың, бауырлардың міндеттерін айтып берді. Отағасы мен әйелі бір-біріне демеу болып, өз міндеттірін атқарса болғаны дейді Қарақат Әбілдина.

"1. Отағасының міндеті:
Әйелімен жақсы мәміледе болу, оның нәпәқасын (өмір сүру үшін қажетті заттық мұқтаждықтар) тауып беру, оған әділетті болу. Өйткені Пайғамбарымыз (ﷺ) хадис-шәрифте былай дейді: «Сіздердің қайырлыларыңыз, әйелдері үшін қайырлы болғандарыңыз».
2. Әйел кісілердің міндеті:
Күйеуінің дінге сәйкес келетін бұйрықтарын орындау, оның намысына кір келтірмеу, әлеуметтік жағдайына қанағат ету, ысырапшылдықтан аулақ болу, күйеуінің мал-мүлкін қорғау, үйдің берекесін келтіріп отыратындай жақсы жұбай болу.
3. Перзенттің әке-шешеге деген міндеті:
Оларға құрмет көрсетіп, айтқанын екі етпеу. Өздерінің өмірге келулеріне себеп болған ата-анаға рахмет айту. Өздерін кішкентайынан мейірімін аямай бағып-қаққан болса, оларды да солай бағып-қағу, тіпті оларға қарсы «уф» деп айтпау.
Сонымен қатар әке-шешенің тек көзі тірісінде ғана емес, олар дүниеден қайтқан соң да, және олардың туыстары мен достарына да құрмет көрсету. Өйткені мұндай құрмет ата-анаға деген құрмет есебінде жүреді.
4. Ата-ананың балаларына деген міндеті:
Ата-ананың міндеті балаларын шамасы жеткенше асырап бағу, жақсы тәрбие беру, оқытып бір маман иесі қылу. Әкесі де, анасы да балаларына көңіл бөлгенде бірдей көңіл бөлу керек. Балаларының арасын бөліп жармай бәріне бірдей сүйіспеншілікте болу.
Балаларының теріс жолға түспеулері үшін оларға жақсы тәлім-тәрбие беру, алдымен оған өздері үлгі болу. Тоғыз жасына жеткен балаларының төсек орындарын айырып, он үшке толғандарында намаз оқыту. Егер тыңдамаса жәйлап қана ұрып алуы керек. Ал ер жетіп, тізгін тартып ат мінген балаларын мүмкіншілік болса үйлендіргені абзал. Жақсы бала - Алланың берген үлкен нығметі.
5. Бауырлардың бір-біріне деген міндеті:
Бір-бірін жақсы көріп, құрмет көрсету. Әрқашан бір-біріне мейірімді болып, көмектесу. Әсіресе араларындағы үлкендеріне әке-шешенің орнындай көріп оларға үлкен құрметпен қарау.
Кейде бауырлар арасында дүние, мал-мүлік үшін бір-бірімен жауласып, қырқысып жататындары да кездесіп жатады. Бұндай бейқасиет бауырларда береке-бірлік болмайды. Қорыта айтқанда отбасының да қоғамның да бақытты ғұмыр кешуі бір-бірімізге деген сүйіспеншіліктен туындайды.Әрдайым ара-жігіміз ажырамасын. Бақыт тілейміз!#болмановтаротбасы", деп жазды әнші.