Ол айналасындағы басқа адамдарға интонация, бет әлпеті, иіс арқылы жұғуы мүмкін.
Ғалымдар зерттеу жүргізу барысында тәжірибеге қатысып жатқан адамдарды дәріс тыңдауға алып келген. Олардың бір тобына дәріс оқытса, келесі тобы дәрісті тыңдаған. Дәріс оқығандардың кейбірінде күйзеліс белгілері байқалған және бұл жағдайдың тыңдармандарға әсері бақылауға алынды. Ғалымдар тәжірибе жүргізу барысында екі топтың да күйзелісті басынан кешіргенін анықтады. Ең қызығы, адам неғұрлым қатты күйзеліске берілсе, айналасындағыларға да қатты әсер ететін көрінеді.
Осылайша, мамандар күйзелісті сондай жағдайды басынан кешіріп отырған қасыңдағы адамнан оп-оңай «жұқтырып» алуға болатынын дәлелдеді.