Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Ақ мама" бағдарламасының сілтеме жасап хабарлайды.
- Оның барлығын айтып отырғаным дұрыс болмас. Ол кісінің қазір басқа жолдасы, әйелі бар. Сол кісі ренжіп қалар. Сол себепті мен бәрін үстірт ғана айтып берейін. Біздің ажырасып кеткенімізге үш-төрт жылдың көлемі болды, дейді.
Ол ата-енесімен бірге тұрғанын да айтып өтті. Ойымдағыны ойланбастан ашық айта салу, адамның көңілін ойламау секілді нәрселерден кейбір кезде таяқ жедім, деп бар сырын ақтарды актриса.
- Жолдасыммен ажырасқаннан кейін екі жарым айдай кішкене күйзелісте жүрдім. Күйзеліс салдарынан шашым, тісім түсе бастады. Денсаулығым сыр бере бастағаннан кейін жиналу керегін түсіндім. Ата-енеммен ұрысып, бет жыртысып кетпегенмін. Өйткені енем өмірде екінші анам болып кетті. Әлі қызындай көреді. Атам да қызым деп тұрады. Ешқашан келін деп атамаған. Үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Сенгім келмеген шығар. Өйткені әйел адамның ішінде үнемі үміт тұрады ғой. Махаббат үшін күрестім деп айта алмаймын. Ол кезде өзімде күш болмады.
Оған қоса актриса күйеуімен ажырасуына нақты не себеп болғанын ашып айтудан бас тартты.