Кукуруз бағып жүргем жоқ - Ерке Есмахан

«Гәкку» арнасына қонаққа келген Ерке қыз өзін сынаған тыңдармандарға жауап берді.

«Бізде шынайы талантты әншілер жоқтың қасы! Сол себепті осындай арзан мақтанға салынатын ысқырғыштар туралы жазуға тура келеді… қайғылы», — деп жазған екен тыңдарман.


A post shared by Gakku TV (@gakkutv) on

Бұған жауап ертінде әнші өз кезегінде өздерін «ысқырғышқа» теңеген Игорь есімді азаматқа бәрінің көңілінен шығу мүмкін емес екенін айтты.

"Өліп-тіріліп, ұйықтамай ары-беры жүресің, бірдеме жасайсың. Сол еңбегіңнің бәрін осылай нөл қыла салады ғой. Айналайын, кукуруз бағып жүрген ешкім жоқ енді. Біз де еңбегімізді сіңіріп, не болса да жұмысымызды жасап жүрміз" , - деді Ерке.