Есірткі заттарын жоюдың жалғыз жолы - өртеу.Бүгін Алматы машина жасау зауытының арнайы пешінде 234 келі героин отқа тасталды. Қарулы күзет, қаптаған қара джиптер. Құдды бір голливуд фильміндегідей бәрі. Жалпы бүгін көзі жойылған заңсыз тауардың қара базардағы құны 1 жарым млрд теңге шамасында екен. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері тек Алматы қаласы бойынша осындай халықаралық есірткі трафигінің 7 каналын анықтаған. Есірткі бизнесіне қарсы күрес соңғы кезде тіпті қарқын алғанымен, одан трафик тыйылмай тұр.