Құлсарыда 28 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

«Құтқарушылар тұрғындар мен олардың үй жануарларын эвакуациялауға көмектесіп жатыр.  Қазірге дейін Жылыой ауданында 28 501 тұрғын, оның ішінде 6 781 бала эвакуацияланды» — делінген хабарламада.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын тасқын судың қаупіне байланысты Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Күндіз Құлсарыдан Доссорға дейінгі жолдың бір бөлігін су басты.

5 сәуір күні тасқын су Құлсары қаласына кіре бастағанын хабарлаған болатынбыз.

Бейнеу ауданына Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері медициниалық көмек көрсетуге арнайы барды.

Сондай-ақ Бейнеу ауданында Құлсарыдан келген 2,5 мың адам орналасып үлгерді. Ақтау қаласында да судан зардап шеккен Құлсары тұрғындары үшін эвакуациялық пункт ашылды.

Сонымен қатар Маңғыстауда азық-түлік қоры жеткілікті екенін ресми орындар мәлімдеді.

Су басу кезінде Құлсарыдағы ауруханадан 77 науқасты Маңғыстау облысына жеткізді.