Ведомствоның мәліметінше, азаматтық қорғау сержанты су айдау бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қаза тапқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
"Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде есімізде мәңгі қалады.ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді",- делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.