Кулябқа Қазақстаннан астық орнына ұн жеткізіледі

Бұрнағы күні Қазақстанда Кулябта сатылатын 128 тонна ұн тиелген.

"Точиксодирот банктің" Куляб бөлімшесін басқаратын Әбдукәрім Негматовтың Куляб нан өнімдері комбинатының директоры Абдусалом Грезовқа сілтеме жасай отырып айтқан сөзіне қарағанда жақында Кулябқа 2 вагон ұн жеткізіледі және 24 тонна көлеміндегі тағы бір вагон ұн бір аптадан кейін тиелмек.

Алғашында Қазақстан жағымен Кулябқа 2 мың тонна астық жеткізу жөнінде келісім болған. Ол үшін банк 175 мың АҚШ долларын бөліп те қойған. Алайда, Қазақстан Республикасы астық экспорттауға 1 қыркүйекке дейін тыйым салу жөніндегі үкімет енгізген қаулыға сілтеме жасай отырып ол астықты жеткізуден бас тартқан.

"Сол себепті жоғарыда көрсетілген бағаға ұн сатып алуға тура келді. Оның алдында біз кәсіпорынға Кулябқа 400 тонна бидай жеткізуге мүмкіндік берген 40 мың доллар бөлгеміз. Оның ұны қалада әлі күнге дейін 50 кг ұнға 95 сомонимен сатылуда. Ал тура сондай ұн базарда 120 сомони тұрады", - деп хабарлады банк басқарушысы.