Күн +1 градусқа дейін салқындайды – ауа райы болжамы жарияланды

Алдағы тәулікте республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсері сақталады, ауарайы құбылмалы болады, деп хабарлады Caravan.kz порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап. 

Қазақстанның солтүстігінде және шығысында түнгі уақытта топырақ бетінде 2°С үсік жүреді, тұман түседі. Ал батыста ауа райы жауын-шашынсыз.

"Бұл аймақтарда күн сәулесі біртіндеп ауаны жылытады, ауа температурасы аздап көтеріледі деп болжанып отыр. Ауа температурасы батыста түнде + 12 + 22-ден +15+25С-қа дейін, күндіз + 27+35-тен +30+38С-қа дейін аздап төмендейді", - дейді синоптиктер.

Ал республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде + 1+10С, күндіз +13+23, оңтүстікте түнде +8+18 градус жылы, күндіз +20+28-ден +23+30С-қа дейін жоғарылайды. Ал оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы +5+13, күндіз +17+25-тен +13+23С-қа дейін көтеріледі.