Осы орайда қазақстандық бизнес экологиялық мәселелерді жергілікті деңгейде шешуге қалай атсалысатыны туралы "Жеті аспан" ЖШС-дан сұрап көрдік. Себебі, олардың қарамағындағы азық-түлік дүкендер желісі тұрғындар тауар сатып алған полиэтилен пакеттің орнына қайта пайдалануға болатын сөмкелерді ұсынып отыр. Оның үстіне бұл сөмкелерді мүмкіндігі шектеулі әлеуметтік кәсіпкерлер әзірлейді.
Біздің компания осы проблеманы шешуге үлесін қосуға бел буды. Осы бағытта кішігірім қадамдар жасаған алғашқы ритейлер болдық. Сондықтан, 2014 жылдың қараша айынан бастап, біз galmart ECODAY акцияларын үнемі өткізіп жүрміз. Біз полиэтилен пакеттер мен басқа да пластик ыдысты пайдалануды біртіндеп азайтуды жоспарлап отырмыз. 2019 жылдың басынан бастап, Icarewithgalmart ("Мен галмартпен бірге қамқор боламын") эко-бағдарламасын енгіздік. Мақсаты - пластик қаптамаларды біртіндеп азайту және экологиялық таза баламаларды енгізу болып табылады. Осы бағдарлама аясында біз мүмкіндігі шектеулі әлеуметтік кәсіпкерлерді тартамыз (қайта пайдалануға болатын сөмкелерді тігетін). Шілде айының екінші жартысынан бастап, біздің супермаркеттерде 100% биологиялық ыдырайтын жүгері крахмалынан жасалатын пакеттер және қайта пайдалануға болатын сөмкелер сатылуда, бұл пластик тұтынысын орташа есеппен 30%-ға төмендетуге мүмкіндік береді, - дейді компания өкілдері.
2019 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов және Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығының жетекшісі Айгүл Соловьева пластикалық пакеттерді ақылы пайдалануды енгізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумның басты мақсаты - 20 микронға дейінгі пластикалық пакеттерді қолдануды азайту және қаптаманың табиғатқа қауіпсіз түрлеріне кезеңмен көшу.
Осы Меморандумды жүзеге асыру мақсатында қалалық әкімдікте жиналыс өтіп, онда бөлшек сауда желілерінің өкілдеріне 20 микронға дейінгі пакеттерге төлем енгізу ұсынылды, өйткені мұндай пакеттер қайта өңдеуге жатпайды.
Компания Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасын қолдайды және Galmart сауда желісінің кассасындағы пластикалық пакеттер, олардың маркировкасы 20 мкр және жартылай қайта өңдеу мүмкіндігі бар болғанымен желтоқсан айынан бастап олар ақылы болады. Сатудан түскен қаражат пластикалық қаптаманы экологиялық баламасымен ауыстыруға бағытталады.