«Күнде жылайды»: Шымкентте медбике 1 жасар балаға ыстық сумен клизма жасаған (ВИДЕО)

Бұл туралы Кенжегүл Тергембаева өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды. Оған сәбидің анасы болған жайтты айтып, хабарласқан екен. 

3 күн бойы үлкен дәретке отыра алмаған науқасқа медбике клизма жасаған. 

«Клизма жасап жатқанда баланың жан даусы шығып жылаған. Анасының қолына судың тамшысы тамғанда,  ол медбикеге судың ыстық екенін айтақан. Алайда ол бәріне де осындай температудағы сумен клизма жасайтынын айтып, жалғастыра берген.

Клизма біткеннен кейін баланың көтені қызарып, күйіп қалған. Анасы сыртқа шығып, дәрігерлерге айтқанда, ақ халаттылар «клизма жасаған медбикеге айт» деген. Содан бері сәби күнде жылайды. Көтенінен қан ағады», - деп жазған ол. 

Оқиғаны Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы растап отыр. Олар жақын арада болған жайтқа қатысты түсінік беретіндерін айтты.