Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Коронавирус пандемиясының салдарынан биыл әлемде кедей адамдар саны 100 млн-ға артқан, келер жылы көрсеткіш тағы 50 миллионға артады деп күтілуде. Мұндай болжамды Дүниежүзілік банк жасады.
Күніне 1,9 доллардан кем тұтынатын адамдар кедей санатына жатқызылады. Сарапшылардың пікірінше, 2020 әлемнің 9,1-9,4 пайыз халқы осындай деңгейге түседі. Егер пандемия болмаған жағдайда бұл көрсеткіш 7,9 пайыз деңгейінде болар еді, - деп болжады ДЖБ.
Кедейлікті азайту үшін мемлекеттер экономиканы пандемия жағдайына бейімдеулері қажет. ДЖБ болжамы бойынша, кедейлік шегіндегілердің 82 пайызы табысы орташа елдерде тұрады.