Күннің ыстығынан Ақтөбеде өрт көбейді


Қою қара түтін қаланың үстін басып қалды. Мұны көрген жұрт алғашқыда не болғанын түсіне алмады. Қызыл жалынды ауыздықтауға дереу сол маңдағы өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері келіп жеткен. Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен жоқ. Жалпы, бұл өңірде аптап ыстықтан өрт көбейді. Қазір сынап бағанасы қырық градустан асып кетті. Өрт сөндірушілер мұндай күндері тіпті шағылысқан әйнек сәулесінен де от шығатынын айтады.