”Құны 990 теңге”: Диана Скатова үйлену тойын тікелей эфирде ақылы түрде өткізбек

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

“Қалаулым” жобасын жүргізу арқылы танылған Диана Скатова үйлену тойын 30 тамыз күні өткізбекші. Той онлайн трансляцияда көрсетілмек. Онлайн көру бағасы 990 теңге тұрады.

Алдымен көрермен Telegram-бот арқылы төлем жасап, түбіртегін модераторға жіберуі керек. Төлем расталған соң, жабық Telegram-арнаға кіруге арналған сілтеме беріледі.