«Құранның бірнеше сүресін жаттадым»: Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева не үшін ислам дінін қабылдағанын түсіндірді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Азаттық рухына сілтеме жасап хабарлайды.

Наталья Дементьева Парламентке келмес бұрын, алты жыл лицей-мектептің директоры болған. Депутат сұхбат барысында ислам дінін қалай қабылдағанын толыққанды айтты.

-Ислам дінін қабылдадым. Бұл жеке ұстанымым туралы ешкімге айтпаған болатынмын. Әр адамның жүрегінде Құдайдың орны бір бөлек. Өзім слам дінін қабылдамай тұрып, христян дінін қабылдамаған болатынмын. Исламды қабылдаған уақытты жүрегіммен, сана-сезіммен қабылдадым. Осы шешімге келуге ұзақ уақыт бойы ойданып келдім. Бір-екі жыл бұрын өкінбеймін ба деп, ойланып жүрдім. Мұсылман қауыммен көп араласатын адаммын. Мұсылман халқының дүниеге деген көзқарасын түсіне бастадым, ақырын Құранның мазмұны қызықтыра бастады. Ақыры осы шешімге келдім. Содан бір күні ислам дінін қабылдадым. Құранның бірнеше сүресін жаттап алдым. Осы бірінші жылы ораза ұстадым. Бастапқы үш күн қиын болды. Адамның ойын, жанын тазартатыны қатты әсер етті, деп тарқатып айтып берді.