Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Осы ретте ҚМДБ ұйымдастырумен өткен брифингте Наурызбай қажы Тағанұлы көпшілікті Құрбан айт мерекесінде ұлттық киім киюге шақырды.
"Еліміздегі барша жамағатты ұлттық киімдерімізді киіп, айт мерекесін дәстүрімізге сай ұлттық нақыштармен өткізуге, игі бастамаларымызға ат салысуға шақырамын. Құрбан айт тек діни мереке ғана емес. Қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтатын, қайырымдылықты паш ететін рухани мейрам", - деді ол.
Сондай-ақ, бас мүфти кәсіпкерлерге де үндеу жасады.
"Мал құнын қолдан көтермей, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оңтайлы баға ұсынуға, жұртымыздың күнде тұтынатын азық-түлігіне мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін мына сілтемеге өтіп көре аласыздар.