Курчатовта "Қазақстандағы ядролық энергетика саласы-2005" атты конференция өтеді

Конференция барысында Қазақстандағы ядролық өнеркәсіп пен ядролық энергетика саласының қазіргі ахуалы мен келешегі, ядролық реакторлардың қауіпсіздігі негіздері, ядролық қондырғыларды эксплуатациядан шығару, ядролық сынақтардың залал-зардабын зерттеу және жою, ядролық материалдар таратпау мәселелері талқыланады.

Конференцияны ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі, Ұлттық ядролық орталық, Атом энергетикасы жөніндегі комитеті, "Қазатомөнеркәсібі" ҰАК, Қазақстанның ядролық қоғамы ұйымдастырды.
Конференция 3-маусымға дейін созылады.