Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, конференцияны ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі, ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Ұлттық ядролық орталығының радиациялық қауіпсіздік және экология институты, Қару таратпауға ықпалдастық жасау орталығы ұйымдастырды.
Бас қосудың жалпы отырыстарында Қазақстандағы қазіргі радиациялық ахуал, қару таратпау режимін қолдауға бағытталған халықаралық ынтымақтастық, Семей ядролық сынақ полигонының инфрақұрылымы мен оның радиациялық ахуалға әсерін жоюға бағытталған іс-қызмет тақырыптары қаралады.
Ал отырыс секцияларында ядролық сынақ және апат орындарында радиациялық және медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізу мәселелерін қарау көзделіп отыр.
Конференция соңында "Ядролық қару сынағы, радиациялық апаттар мен радиоактивті қалдықтарды көмген жерлердегі радиоэкологиялық проблемалар" тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысы өтеді.