Курчатовта ядролық энергетика мәселелеріне арналған халықаралық конференция басталды



Бас қосуға 11 елден 300 -ден астам адам қатысуда. Форумда АҚШ, Жапония, Ресей, Германия және Ұлыбритания секілді технологиясы жоғары деңгейде дамыған елдерден танымал ғалымдар мен мамандар баяндама жасайды деп күтілуде.

Қатысушылар ХХІ ғасырда атом энергетикасын дамыту стратегиясы; Ұлттық ядролық орталықты дамыту перспективалары, Қазақстанда атом өнеркәсібін дамыту мәселелерін талқылайды. Бұған қоса Қазақстан мен Ресейдің бірлесіп ядролық отын өндіруі, Семей полигонындағы ядролық қару сынақтарының әсері секілді тақырыптар да талқыланбақшы.

Ғылыми форум ҚР Ұлттық ядролық орталығының 15 жылдығына арналған.