А.Гагариннің айтуынша, фабриканың қуаты жылына 36,5 мың тоннаны құрайды. Кәсіпорын флотациялық флюорит концентратын алуға арналған. Бұған қоса фабрика жылына 4 мың тонна металлургиялық концентрат (қара металлургияға арналған флюстер) өндіреді. А.Гагариннің айтуынша, бұл көлем Үлбі металлургиялық зауытының плавик қышқылына деген сұранысын толық қамтамасыз етумен бірге оны Қазақстан мен одан тысқары жерлердегі тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді.
Фабрика жылына 100 мың тонна флюорит кенін өндіруге есептелген. Фабриканың құрылысын салуға 1 млрд. 200 млн. теңге көлемінде инвестиция жұмсалған.
Сарапшылардың бағалауынша, Қаражал кенішіндегі қор 16 жылға жетеді. Ал болжамдық қорды ескергенде фабрика кем дегенде 10 жыл жұмыс істейді деп күтілуде.
Үлбі металлургиялық зауыты Қазақстан үкіметімен плавик шпатын барлау және оны тәжірибе жүзінде өндіру жөнінде 2000-жылы келісімге қол қойған. 2002-жылы қорды тексеруден өткізгеннен кейін Үлбі металлургиялық зауытына кенішті тәжірибелік-өндірістік тұрғыда игеруге құқық беретін құжатқа қол қойылды. Осыдан кейін Қаражал флюорит кеніші өндірістік тұрғыда пайдаланыла бастады. Содан бері кеніште жалпы 174 мың тонна флюорит кені өндірілді.
Қазіргі жағдаймен өңдеуге жарамды кварц-флюорит кенінің қоры 1545,6 мың тонна деп бекітілді. Кеніштің қапталдарында да біршама қор бар деп болжанған. Ондағы кен қоры тағы 1 млн. тоннаға бағаланып отыр.