66 келіде өнер көрсететін жерлесіміз шешуші белдесуде өзбек Ихтиор Наврузовтан жеңіліп қалды.
Бүгін А. Таңатаров финалдық теке-тіреске жету жолында қытайлық Катаи Ерланбиекемен, екінші кездесуде үндіс Кумар Шишилмен боз кілемге шығып, екеуін де ұтқан болатын. Дегенмен, бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ақтық сындағы жеңілісіне қарамастан, Ақжүрек Лондон жолдамасын еншіледі.