Азия күрес Кеңесінің Президенті ретінде Доктор Чанг Кью Ким (Оңтүстік Корея) қайта сайланды.
Біз үшін қуанышты хабар да бар. Енді, Азия қауымдастығының сапында Қазақстан өкілі де бар. Ол - Елмира Тасимова. Е.Тасимова көп жылдан бері спорт, соның ішінде күрес саласында еңбек етіп келеді.
AAWC атқарушы комитетінің жаңа құрамы:
1. Доктор Ким Чанг Кью (Оңтүстік Корея) - президент
2. Вангсан Сучантабутр (Тайланд) - AAWC атқарушы комитетінің мүшесі
3. Абдулла Мажхреби (Йемен) - AAWC атқарушы комитетінің мүшесі
4. Долгосурен Дагвадорж (Моңғолия) - AAWC атқарушы комитетінің мүшесі
5. Радж Синг (Үндістан) - AAWC атқарушы комитетінің мүшесі
6. Хироаки Цукамото (Жапония) - AAWC атқарушы комитетінің мүшесі
7. Тасимова Елмира (Қазақстан) - AAWC атқарушы комитетінің мүшесі.