Құрғақшылыққа дайындалу керек - аграрлық сарапшы

Аграрлық сарапшы Кирилл Павлов осылай деп дабыл қағып отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Жылдың басында Қазақстанның көптеген аймақтарында су тасқынын болатынын болжадым. Казір мен алдағы құрғақшылыққа көбірек алаңдаймын»,- деп жазды телеграм каналында аграрлық сарапшы Кирилл Павлов.

Оның айтуынша, мамырдан қыркүйекке дейін Батыс Қазақстанда жауын-шашынның тапшылығы күтілуде. Бұл ауыл шаруашылығындағы қиындықтарға және соның салдарынан азық - түліктің қымбаттауына әкелуі мүмкін.

«Болжам картасын қараңыз, онда бәрі түсінікті. БҚО, Маңғыстау және Атыраудың бір бөлігі 4 айдан астам жаңбырсыз болады», - дейді Кирилл Павлов.

Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, Шығыста да жаңбыр көп болмайды, тек Белуха аймағында жауын болады. Павлодар мен Абай облыстарында ылғал тапшылығы әбден ықтимал.

СҚО, Қостанай және Ақмола облыстарында шамалы жауын-шашын болады.